СҚО-да трактор көлге батып кетіп екі адам қайтыс болды

Фотография - СҚО-да трактор көлге батып кетіп екі адам қайтыс болды

12 желтоқсанда таңғы сағат бесте Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Имантау көлінің үстінде кетіп бара жатқан МТЗ-82 тракторы мұз ойылып, суға батып кетті.

352 0

12 желтоқсанда таңғы сағат бесте Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Имантау көлінің үстінде кетіп бара жатқан МТЗ-82 тракторы мұз ойылып, суға батып кетті. Трактор «Тамыз» ШҚ-ға тиесілі болған. Күндіз сағат 13.05-те жергілікті тұрғындар күшімен ол судан шығарылып, жағаға жеткізілді, деп хабарлайды СҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі.

«Трактор кабинасында екі ер адамның өлі денесі болған, оның бірі «Тамыз» ШҚ-ның 39-дағы механизаторы, ал екіншісі 40-тағы жұмыссыз ауыл тұрғыны. Екеуі де Имантау ауылыныкі. Трактор жүргізушісінің артында отбасы және екі баласы қалды, ал жұмыссыз жігіт үйленбеген болып шықты», - делінген хабарламада.

Көл бетіне трактордың қалай барғаны белгісіз, ол көлдің оңтүстік шығысында 30 метр жерде мұз астына кеткен. Қазір оқыс оқиғанің себептері тексерілуде.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша сол жерде аудандық ІІО, ТЖБ-ның жедел тобы, Айыртау АЭС-нің УАЗ-452 автомобилі, тағы бір шаруа қожалығының К-701 тракторы және 20 ауыл тұрғыны жұмыс істеген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!