Алматы облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

Фотография - Алматы облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

Алматы облысында жол апатынан 4 адам мерт болып, тағы 1 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

179 0

Алматы облысында жол апатынан 4 адам мерт болып, тағы 1 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты «Ұзынағаш-Бесмойнақ» автожолының 1-ші шақырымында, кеше кешкі сағат 21:20-да «ВАЗ» және «Лексус» көліктері соқтығысып қалған. Жол апаты салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Ал «Лексус» көлігінің 39 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Апаттан құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ-ғ қарасты мемлекеттік мекеменің 4 маманы мен 1 техникасы тартылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!