Астанада 12 қабатты үй өртенді, 82 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Фотография - Астанада 12 қабатты үй өртенді, 82 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Астана қаласындағы Республика даңғылында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің 2-ші қабатынан бастап 12-ші қабатына дейін 16 пәтердің балконы отқа оранды

135 0

Астана қаласындағы Республика даңғылында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің 2-ші қабатынан бастап 12-ші қабатына дейін 16 пәтердің балконы отқа оранды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Салдарынан 3 пәтерге зақым келді. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 21 техникасы мен жеке құрамының 125 адамы, ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» МБ 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 200 шаршы метр аумақты шарпыды. 82 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 12-сі бала. Бәрі де дін аман.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!