Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам ажал құшты

Фотография - Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам ажал құшты

Павлодар облысы Лебяжі ауданында «Павлодар -Семей» автожолының 152-ші шақырымында ішінде 43 жолаушысы бар «Setra» автобусы мен «Ваз» автокөлігі қақтығысып қалды

142 0

Павлодар облысы Лебяжі ауданында «Павлодар -Семей» автожолының 152-ші шақырымында ішінде 43 жолаушысы бар «Setra» автобусы мен «Ваз» автокөлігі қақтығысып қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен оның 5 жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Қаза болғандар арасында 2 бала бар. Оның біреуі 3 жасар қыз, екіншісі жаңа туған сәби еді. Тағы бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Автобус жолаушылары дін аман. Олардың барлығы жол үстінде ілесіп келе жатқан автобусқа отырғызылып, Павлодарға жөнелтілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!