Талдықорғанда екі қыз жол талғамайтын көлікті айдап кеткен

Фотография - Талдықорғанда екі қыз жол талғамайтын көлікті айдап кеткен

Талдықорған қаласы ІІБ Жедел басқару орталығына «Мицубиси Паджеро» көлігін айдап кеткені туралы хабар келіп түскен.

154 0

Талдықорған қаласы ІІБ Жедел басқару орталығына «Мицубиси Паджеро» көлігін айдап кеткені туралы хабар келіп түскен.

Автокөлік иесі өзіне келтірілген залалды 1 350 000 теңгеге бағалады. Айдап әкетілген автокөлікті жол-патрульдік қызметінің «Бүркіт-128» экипажы қала көшелерінің бірінен тапты.

Джипті 17 жастағы заң колледжінің 2 курсының студенті, Кербұлақ ауданының тұрғыны айдап жүрген. Автокөлік салонында жолаушы ретінде оның 20 жастағы құрбысы отырған. Полицияға жеткізілген бойжеткендер өз қылмыстарын мойындады.

Джиптің иесі полицейлерге жедел қызметі үшін алғыс айтып, күдіктілердің үстінен шағымданудан бас тартқан. Соған байланысты ұсталған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс өндірісін қозғамау туралы шешім қабылданды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!