«Желдоркомпания» лауазымды тұлғалары РФ-ға екі тепловозды шығарды деп айыпталуда

Фотография - «Желдоркомпания» лауазымды тұлғалары РФ-ға екі тепловозды шығарды деп айыпталуда

 «Желдоркомпания»  ЖШС лауазымды тұлғалары РФ-ға екі тепловозды  шығарды деп айыпталуда

141 0

 «Желдоркомпания»  ЖШС лауазымды тұлғалары РФ-ға екі тепловозды  шығарды деп айыпталуда.

Ағымдағы жылғы 6 желтоқсанда Қостанай облысының  қаржы полициясы қызметкерлері «Желдоркомпания» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.


«Оларға жөндеуге деген желеумен Ресей Федерациясының Брянск облысына ТЭМ–18 маркалы 2 тепловозды сату үшін заңсыз шығарды деген күдік тағылуда. Ол үшін жалған құжаттар дайындалып, зауыт номерлері өзгертілген»,-делінген хабарламада.


Қаржы полициясының мәліметінше, бұл техника «Желдоркомпания» ЖШС мен акцияларының бақылау пакеті «Самұрық қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі «Альянс банк» АҚ арасында жасалған қаржылық лизин келісімі бойынша кепілзат болып табылады - деп хабарлады newskaz.kz

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!