«Прайм-Плаза»: Зардап шегуші өзіне тапанша кезенген жігітті таныды

Фотография - «Прайм-Плаза»: Зардап шегуші өзіне тапанша кезенген жігітті таныды

Алматыда Алатау аудандық сотында «Прайм-Плаза» СОО алдындағы ойранға қатысты іс бойынша сот тыңдауы жалғасуда

178 0

Алматыда Алатау аудандық сотында «Прайм-Плаза» СОО алдындағы ойранға қатысты іс бойынша сот тыңдауы жалғасуда. Бүгін сот отырысы барысында 31 тамызда болған оқиғадан зардап шеккен куәгер сотталушылардың арасынан басына тапанша тақаған жігітті таныды, ол – Жандос Сәлімов.

Зардап шеккен азамат сот залында түсініктеме бере отырып, сотталушылардың бірін танығанын мәлім етті. Ол 1991 жылы туған Жандос Сәлімов болып шықты. Куәгердің айуынша, тәртіпсіздік болған 31 тамызда ол достарымен біге тойға бара жатқан.

«Мен Райымбек көшесі арқылы Қаскелеңге қарай бара жатқам. Үлкен кептетіліске тап болдым. Кенет алдымнан алты жігіт атып шығып, екі жақтан есік ашты. Олардың біреуі басыма қару кезеніп, ақша талап етті. Мен қолда барымның бәрін салып бердім: 32 мың теңге мен қос ұялы телефон. Олар қолда бардың бәрін алып, мен өз жолыммен кеттім», - деді сот залында зардап шеккен куәгер.

«Ол теңбіл жейдеде отырған анау жігіт», - деп меңзеді зардап шеккен азамат.

Оның мәлімдемесіне қатысты анық ештеңе айта алмаған Сәлімов сәлден соң бұл адамды бірінші рет көріп тұрғандығын жеткізді.

«Ол берген түсініктемесін өзгертіп отыр. Бұған дейін ол мүлде басқа түсініктеме берген болатын», - деп мәлім етті сотталушы Сәлімов. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!