Ақтөбе облысында жүздеген адам қар қыспағынан шығарылды

Фотография - Ақтөбе облысында жүздеген адам қар қыспағынан шығарылды

Кеше Маржанбұлақ кенті ауданындағы «Самара-Шымкент» автокөлік жолында бұрқасын салдарынан 28 автокөлік қардың астында қалды

200 0

Кеше Маржанбұлақ кенті ауданындағы «Самара-Шымкент» автокөлік жолында бұрқасын салдарынан 28 автокөлік қардың астында қалды.

Оқиға орындарына өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің, жедел құтқару отрядының қызметкерлері, техника бағытталды. Ақтөбе облысы бойынша ТЖ жөніндегі департамент облыс әкімдігімен бірге жолды тазалауға «Қазжолқұрылыс» мердігерлік ұйымының, сондай-ақ Алға ауданының техникасы жұмылдырды. Құтқарушылар 118 адамды, соның ішінде 24 баланы және 28 автокөлікті қауіпсіз жерге шығарды. 30 адам Маржанбұлақ орта мектебіне, ал қалған қала тұрғындары Ақтөбе қаласына жеткізілді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Самара-Шымкент» автокөлік жолында адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар сағат 00:30-да аяқталды.

Сондай-ақ, сол уақытта «Хромтау-Никельтау» автокөлік жолында қар жауып, боран соғып және күшті желдің салдарынан 3 автокөлік қардың астында қалып, ҚР ТЖМ әскери апаттан құтқару қызметкерлері құтқарған болатын. Қазіргі сәтте барлық бағыттарға жол ашық.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!