Қазақстандық шекарашылар 3 кг зергерлік бұйымдары контрабандасының жолын кесті

Фотография - Қазақстандық шекарашылар 3 кг зергерлік бұйымдары контрабандасының жолын кесті

Елімізге заңсыз әкеле жатқан жалпы салмағы 3 килодай болатын зергерлік бұйымдардың жолын қазақстандық шекарашылар кесті

120 0

Елімізге заңсыз әкеле жатқан жалпы салмағы 3 килодай болатын зергерлік бұйымдардың жолын қазақстандық шекарашылар кесті.

 

«Шымкент авиа» шекаралық бақылау отрядының наряды «Стамбұл - Шымкент» бағытындағы VSV-488 рейсін тексеру кезінде қол жүгі ретінде косметикалық қалташаларға салынған және бикелер сөмкесіне полиэтиленді қалташаларға оралып салынған зергерлік заттарды анықтады», - делінген хабарламада. 

Аталған жүктердің иесі, 38 жастағы Қазақстан азаматшасы жүзіктер мен сырғаларды, алқа бұйымдарын Шымкентте сатпақ ниеті болғандығын айтты.

Қажетті құжаттарды дайындау және заттай айғақтарды алу үшін заң бұзушы әзріге әкімшілік тәртіп бойынша ұсталды. Оған ҚР ҚК 209 бабының 1 бөлігі бойынша айып тағылуда - деп хабарлады   newskaz.kz

Аталған дерек бойынша өзара бірлесе жұмыс істейтін органдар хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!