Оралда элеватор басшысы 7 жыл бас бостандығынан айырылды

Фотография - Оралда элеватор басшысы 7 жыл бас бостандығынан айырылды

Оралда 13 мың тонна астықты жымқырды деп айыпталған элеватор басшысына қатысты сот үкімі шықты.

128 0

Оралда 13 мың тонна астықты жымқырды деп айыпталған элеватор басшысына қатысты сот үкімі шықты.

Астық қабылдайтын кәсіпорын директоры өз қоймасынан өткен жылдың сәуір айынан бастап белгісіз адамдарға тонналап бидай жіберіп отырған. Жоқ астықты құжатта бар деп көрсетіп, ай сайын бидайды сақтағаны үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамынан ақша алып отырған. Тергеу барысында астықтың ақтөбелік кәсіпкерлерге сатылғаны анықталды. Осылайша, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ға 601 млн. теңге шығын келтірілді. Сот қойма директорын 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Гүлжамал Тойбағарова, облыстық соттың судьясы:

- Айыпталушы Жаркеев Мұрат Кәкімжанұлын ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлімі «Б» тармағымен қылмыс жасады деп танылды. Мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимдегі колонияда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Жазасын өтеу мерзімі 2013 жылдың 6 қыркүйегінен бастап есептеледі.

Руслан Аминов, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:

- Осы кәсіпорынның құрылтайшысы Мұрат Жаркеевтің үстінен қызмет бабын асыра пайдаланып, қаржы жымқыру дерегі бойынша, бұдан басқа да бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Сот айыптаушылар келтірген барлық айғақтарды ескере отырып, әділ жаза тағайындады. Мен кінәлілердің өз жазасын алғанына сенемін, бүгін шығарылған үкіммен толықтай келісемін.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!