Қырғызстаннан 2 тонна құс етін алып өтпек болған төрт контрабандашы ұсталды

Фотография - Қырғызстаннан 2 тонна құс етін алып өтпек болған төрт контрабандашы ұсталды

Қырғызстаннан Қазақстанға 2 тонна құс етін алып өтпек болған төрт контрабандашы ұсталды

99 0

Қырғызстаннан Қазақстанға 2 тонна құс етін алып өтпек болған төрт контрабандашы ұсталды  деп хабарлайды Қазақстан ҰҚК шекара қызметінің  баспасөз қызметі.


Қордай шекара отрядына қарасты «Қайнар» заставасының наряды мемлекеттік шекараны бұзған 4 азаматты ұстады.

«Қазақстан азаматтары қырғыз жерінен 2 тонна болатын құс етін заңсыз алып өтуге тырысты. Контрабандалық жүкті олар резиналы қайықпен өзен арқылы тасымалдап, шекараның бергі жағындағы «Митсубиси делика», «Митсубиси паджеро» автокөліктеріне тиеп жатқан кезде қолға түсті»,-делінген хабарламада.


Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды, тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!