Жүкті әйелді қаққан сот төрағасы жазадан босатылды

Фотография - Жүкті әйелді қаққан сот төрағасы жазадан босатылды

Биыл маусым айында жүкті әйелді қағып кеткен Ақмола облысы аудандық сотының экс-басшысы Қайрат Тоқсанбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

228 0

Биыл маусым айында жүкті әйелді қағып кеткен Ақмола облысы аудандық сотының экс-басшысы Қайрат Тоқсанбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Тергеу кезінде 2013 жылдың 5 маусымында Степняк қаласында Тоқсанбаев мас күйінде, құжатсыз көлік жүргізгендігі анықталды. Ол көлігіне ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, жол жиегінде тұрған кәмелет жасына толмаған қызды соғып кетеді.

Ауыр дене жарақаттарын алған бойжеткен ауыр халде Еңбекшілдер аудандық ауруханасына жеткізілген. Алайда, дәрігерлер жәбірленушіге көмек көсрете алмай, бір күн өткенде ауруханада көз жұмған - деп хабарлады   baq.kz

Сот ісін қарау кезінде Тоқсанбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш келіп түскен. Өзінің кінәсін мойындаған айыпталушы жәбірленуші тарапқа келтірген материалдық және моральдық шығындарды төлеп, мәселені өз араларында шешкен болып шықты. Осыдан кейін құқық қорғаушылар мен жәбірленуші тараптың қорғаушысы істі тоқтатуға келісімдерін берген.

«Қайрат Тоқсанбаевты қылмыс жасағаны үшін айыптау жөніндегі ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлімінде ескерілген қылмыстық істі тараптар өз араларында ымыраға келгендіктен және келтірілген шығындардың орны толтырылғандықтан, ҚР ҚК 67-бабы 2-бөлімі негізінде тоқтатылсын. Тоқсанбаевқа қатысты «елден кетпеу туралы қолхат» жазасы жойылсын», - деп жазылған Бұланды аудандық сотының қаулысында.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!