Бәйдібек ауданының бұрынғы әкімі сотталды

Фотография - Бәйдібек ауданының бұрынғы әкімі сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Бәйдібек ауданының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты

404 0

Оңтүстік Қазақстан облысында Бәйдібек ауданының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Аудандық сот экс-шенеунікті үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Ол енді жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Жуырда ғана «А» корпусынан өтіп келген Бәйдібек ауданының бұрынғы әкімі Әбүтәліп Көбеевті аудандық сот алаяқтық жасауға оқталмақ болды деп тауыпты.

Руслан Әбдірайымов, ОҚО прокуратурасы басқармасының басшысы: «Оған осы баппен үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, оны мемлекеттік сыйлықтарынан айыру жөнінде ҚР Президентіне ұсыныс жасау мәселесі де шешілді. Белгілі бір лауазымды құқықтарынан бес жылға айырылды.».

Естерңізде болса, ауданның бұрынғы басшысы осы жылдың қыркүйек айында өз кабинетінде бір кәсіпкерден бір миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Тергеу барысында ол бұл ақшаны өзінің бастамасымен құрылған «Бәйдібек-Даму» қоғамдық қорына ақша құю қажет деген уәжбен алдап алғаны анықталды. Кәсіпкер аталған аудан аумағынан құм өндіретін кен орнын ашқысы келген екен. Ал әкім құзыретіне кірмесе де, сол нысанды ашуға шешім шығарып беремін әрі кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келмейтін жағдай жасаймын деп уәде етіпті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!