СҚО қаржы полициясы басшысының бірінші орынбасарын атып кетті

Фотография - СҚО қаржы полициясы басшысының бірінші орынбасарын атып кетті

Оның жансыз денесі 24 желтоқсан күні кешкі 20:00 шамасында үйінің кіреберісінен табылды

99 0

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) басшысының бірінші орынбасары Жандос Ахметовты атып кетті.

Оның жансыз денесі 24 желтоқсан күні кешкі 20:00 шамасында үйінің кіреберісінен табылды. Алдын ала болжамдарға қарағанда, Ахметов 12 жасар ұлымен бірге Юбилейный көшесіндегі үйіне келген және кіреберісте атылған. Барлығы бес оқ шығарылған болса, біреуі басқа тиген екен.

Кейбір бейресми деректерге сүйенсек, марқұмның ұлы аман-есен. Әзірге ақпарат нақтылануда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!