Қызылорда облысының тұрғыны әкесіне тіл тигізгені үшін 10 күнге қамалды

Фотография - Қызылорда облысының тұрғыны әкесіне тіл тигізгені үшін 10 күнге қамалды

 Қызылорда облысының тұрғыны әкесіне тіл тигізгені үшін 10 күнге қамалды

226 0

 Қызылорда облысының тұрғыны әкесіне тіл тигізгені үшін 10 күнге қамалды - деп хабарлады  newskaz.kz

«Оған дәлел, әкесін әкесінен бастап түк қоймай балағаттаған құқық бұзушы С.-ның іс әрекетін айтуға болады. Құқық бұзушы айдың күні аманында ішімдікке сылқия тойып алып, үйіне келіп, алақанына салып, аялап өсірген әкесіне қарсы балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдірген.Құқық бұзушы С. бұрын құқықты бұзғаны үшін жазаланса да, нәтиже шығармай, бір жыл ішінде, осы іс-әрекеттерді қайталап, ҚР ӘҚБтК-ң 79-5-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған»,-делінген хабарламада.


Ведомстводан атап көрсеткендей, басты сот талқылауында құқық бұзушы С. өз іс әрекетіне шын жүректен өкінетінін білдірді.Бірақ жәбірленуші баласын кешіре қоймады. Ол соттан баласына кешірім бермейтіндігін және заң талаптарына сай шара көруін сұрады.


«Құқық бұзушы С. ҚР ӘҚБтК-нің 79-5-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алынды».


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!