Прокурор ҰҚК генералын 14 жылға соттауды сұрады

Фотография - Прокурор ҰҚК генералын 14 жылға соттауды сұрады

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметі "Батыс" басқармасының бұрынғы басшысы, генерал Әбдіразақ Ілиясовтың үстінен жүріп жатқан сот тыңдауы аяқталды

176 0


Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметі "Батыс" басқармасының бұрынғы басшысы, генерал Әбдіразақ Ілиясовтың үстінен жүріп жатқан сот тыңдауы аяқталды. Бұл туралы бүгін Азаттық тілшісіне Ілиясовтың адвокаты Геннадий Нам хабарлады. 

Адвокаттың айтуынша, кеше, 24 желтоқсанда тараптардың жарыссөзі кезінде прокурор Ілиясовты "коррупциялық қылмыстар жасады, қылмыстық топ құрды және қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деп айыптап, 14 жылға соттауды және дүние-мүлкін тәркілеуді сұраған - деп хабарлады  azattyq.org

Әбдіразақ Ілиясов 2012 жылдың қарашасында Ақтауда ұсталған еді. Тергеу деректері бойынша, генерал өзінің бағыныштыларынан қылмыстық топ құрып, Өзбекстаннан Ресейге, немесе Ресейден Өзбекстанға пойыз немесе көліктермен қатынайтын шетелдік бизнесмендерден Қазақстан шекарасынан кедергісіз өту үшін ақша алып отырған. Прокурордың айтуына қарағанда, "Бейнеу темір жолы", "Тәжен Көлік" және "Сырым Көлік" өткізу бекеттерінде шетелдіктерден жалпы көлемі 100 миллион теңгеге жуық пара алынған.

Бірақ Ілиясов тағылған айыптарды мойындамайды. Ол қазір Алматыдағы тергеу абақтысында отыр. Оның сотына алқа билер қатысып жатыр.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!