«Рысқалиевтің ісі» бойынша сот процесі 23 қаңтарда басталады

Фотография - «Рысқалиевтің ісі» бойынша сот процесі 23 қаңтарда басталады

 25 желтоқсанда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өңірдің бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің іс-әрекетіне байланысты қылмыстық істі алдын ала тыңдау аяқталды

236 0

 25 желтоқсанда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өңірдің бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің іс-әрекетіне байланысты қылмыстық істі алдын ала тыңдау аяқталды.

Оның нәтижесі бойынша басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарылды. Алғашқы отырыс 2014 жылы 23 қаңтарда сағат 10.00-де басталады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Бұрын хабарланғандай, сотталған 22 адамның ішінде Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарлары Болат Дәукенов пен Асқар Әбдіров, Атырау қаласының экс-әкімі Асқар Керімов және басқалары бар.

Сот алдын ала тыңдау барысында іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не тоқтата тұруға әкелетін мән-жайлардың жоқ екендігін анықтады.

Істі қарау кезінде оны талқылау үшін ұзақ уақыт талап етілетінін ескере отырып, сот іс бойынша осы соттан қосалқы судья тағайындау қажет деп есептеді.

Қылмыстық іс мемлекеттік айыптаушының, жәбірленушілер мен адвокаттардың қатысуымен ашық сот отырысында қаралатын болады. Процесті Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Гүлмира Дәулетова жүргізеді. Іс бойынша қосалқы судья болып осы соттың судьясы Жұмағали Тәшімов тағайындалды. Сот ісін жүргізу тілі ретінде орыс тілі таңдалды, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!