Атырау әуежайында 80 жолаушы сергелдеңге түсті

Фотография - Атырау әуежайында 80 жолаушы сергелдеңге түсті

Атыраудан Алматыға ұшуы тиіс 80-ге жуық жолаушыға күні бойы әуежайда BekAir әуекомпаниясына тиесілі ұшақты күтуге тура келді

213 0

Атыраудан Алматыға ұшуы тиіс 80-ге жуық жолаушыға күні бойы әуежайда BekAir әуекомпаниясына тиесілі ұшақты күтуге тура келді.

Олардың арасында кішкене балалар мен науқас жандар да бар. Өкінішке орай, оларға ешбір көмек көрсетілмеген. Әзірге әуе компаниясы бұл оқиғаға қатысты қандай да бір түсінік берген жоқ. Сексен жолаушыны сергелдеңге түсірген әуе компаниясының ұшағы таңғы сағат онда ұшу керек еді. Бірақ беймәлім жағдайлармен ұшақ уақытынан кешіккен. Ең сорақысы, жолашыларға бұл жай туралы ескертілмеген. «Әне-міне ұшамыз» деп кешті батырды - деп хабарлады  baq.kz

Алтын Зиябдинова, жолаушы: - Қонақ үй береміз деген, әлі ешкім келген жоқ. Мен не істерімді білмей тұрмын. Ақшам да қалмады. Әуежайға қонатын шығармын.

 

Жолаушылардың арасында Алматы арқылы ертең Ресей, Өзбекстан мен Қытайға ұшуы тиіс жандар бар.

 

Мұрат Қуандықов, жолаушы: - Сексен адамдай болдық. Зал түгелдей толып тұрды. Айғайладық, жылағандар да болды. Сотқа береміз.

 

Бір қызығы, әуе компаниясы өз жолаушыларына билетті алған жерлеріңнен өндіріп алыңдар деген жауап қайтарған. Ал Алматыдан ары қарай кетуі тиіс жолаушылардың ақшасын қандай компанияның өндіріп беретіндігі белгісіз. Таңғы сағат оннан бері сарылып ұшақ күткен жолаушылардың бірсыпырасы үйлеріне қайтқан, қолында ақшасы барлары басқа қымбат рейстерге билет сатып алған. Ал барар жері де, ақшасы да жоқ жолаушылар қазір әуежайда күтіп отыр. Әуе компаниясы тарапынан осы уақытқа дейін тамақ берілмеген, не медициналық көмек көрсетілмеген. Қазір ғана келіп түскен хабар бойынша әуе компаниясының бір өкілі жолаушыларға таңға дейін жатын орын тауып беруге уәде етіпті.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!