Баянауыл көкке ұша жаздады

Фотография - Баянауыл көкке ұша жаздады

Өткен түні Павлодар облысындағы Баянауыл елді мекені көкке ұша жаздады

211 0

Өткен түні Павлодар облысындағы Баянауыл елді мекені көкке ұша жаздады. Өрт сөндірушілер соңғы сәтте жарылыстың алдын алды.

Ауылдағы автотранспорт кәсіпорнына тиесілі ұшақжайда өрт шықты. Өрт санаулы минуттар ішінде бүкіл ғимаратты жалмап үлгерді. Өрттің қызуы күшейіп, ғимараттың шатыры ортасына түскен. Оқиға болған жерге жедел жеткен өрт сөндірушілер 17 оттегі және 3 газ баллонын өрттен алып шыққан. Бұған қоса, ғимарат ішінде бензовоз болған - деп хабарлады  baq.kz

Өрт сөндірушілер өртті 9 сағаттай сөндірген. Жалпы ауданы 1000 шаршы метр аумақты өрт шарпып, 3 жүк көлігі мен 4 автобус толығымен өртенген. Абырой болғанда, қаза болғандар мен жараланғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Павлодар облысы ТЖД аға тергеушісі Аслан Әлімжановтың айтуынша, құтқарушылар газ және оттегі баллонын ғимараттан дер кезінде алып шыққан. Тағы бірер минут кешіккендерінде бүкіл ауыл көкке ұшар еді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!