Алматы облысында саяжайдағы үйлердің бірінде өрт шығып, үш сәби қаза болды

Фотография - Алматы облысында саяжайдағы үйлердің бірінде өрт шығып, үш сәби қаза болды

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

197 0

Алматы облысы Іле ауданында саяжайдағы үйлердің бірінде өрт шығып, үш бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Өрт 27 желтоқсанда сағат 17:48 минутта шығып, 19:38-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 6 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды»,- деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндірушілер жеткенге дейін көршілер 2010 жылы, 2011 жылы және 2012 жылы туған үш сәбиді үйден алып шыққан. Алайда улы газдан уланып қалған және күйік шалған үш сәби ауруханада көз жұмды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!