Ақтөбе облысында шекарашылар 3 мың литр контрабандалық алкогольді тәркіледі

Фотография - Ақтөбе облысында шекарашылар 3 мың литр контрабандалық алкогольді тәркіледі

деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

191 0

Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Әлімбет авто» бекетінің бақылаушылары құны шамамен миллион теңге болатын контрабандалық жүктің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

«Нақтырақ айтқанда, салмағы 3000 литрдей болатын «Кристалл» арағын «Фотон» машинасына тиеп алған 27 жастағы қазақстандық азамат көршілес Ресей еліне заңсыз өтуге талпыныс жасады. Тексере келгенде ол азаматтың алкогольді өнімдерді алып жүруге қажетті рұқсат қағаздары болмай шықты», -делінген хабарламада.

Аталмыш факті туралы Ақтөбе қаласының қаржы полициясына хабар берілді, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!