Таразда шыршаның өртенуіне «қытай шамы» себепкер болған

Фотография - Таразда шыршаның өртенуіне «қытай шамы» себепкер болған

Тараз қаласында орталық алаңда жаңа жылдық шыршаның өртенуіне «қытайлық шам» себепкер болған, - деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД.

304 0

Тараз қаласында орталық алаңда жаңа жылдық шыршаның өртенуіне «қытайлық шам» себепкер болған, - деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсан күні сағат 22.00-де «Достық» орталық алаңында жаңа жылдық шырша түгелдей жанып кеткен болатын. Өрт Тараз қаласындағы төрт өрт сөндіру бөлімінің көмегімен сағат 22.20-да ауыздықталды.

«Орта жастағы әйел шыршаның қасында «қытай шамын» атқан. Шыршаның өртке оранғанын көрген соң көлігіне отырып, оқиға орнынан ізін суытады. Орталықта орнатылған үш бейнекамераға әйелдің көлігінің нөмірі жазылып қалған. Жеке басының мәліметтері анықталды», - деп мәлімдеді облыстық ІІД полиция полковнигі Қасым Досанов.

Оқиға орнына Жамбыл облысының жаңа әкімі Кәрім Көкірекбаев келіп, қаланың бас шыршасын қалпына келтіруді және күзетті күшейту қажеттігін айтты. Қазіргі кезде орталық алаңдағы шыршаны қалына келтіру жұмыстары аяқталып келеді.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!