Екі тәулік ішінде Астана жолдарында 1434 тәртіп бұзушылық тіркелді

Фотография - Екі тәулік ішінде Астана жолдарында 1434 тәртіп бұзушылық тіркелді

Көлік апаттарын азайту мен жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында Жаңа жыл қарсаңында елордалық полицейлер «Мас жүргізуші - қылмыскер!» алдын алу іс-шарасын өткізді

188 0

Көлік апаттарын азайту мен жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында Жаңа жыл қарсаңында елордалық полицейлер «Мас жүргізуші - қылмыскер!» алдын алу іс-шарасын өткізді.

28-29 желтоқсанда Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция департаментінің қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен және БАҚ-пен бірлесіп мас жүргізушілерді анықтау жұмыстарын қолға алды. Екі тәулік ішінде 1434 заң бұзушылық анықталды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Соның ішінде 26 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, 25 адам жылдамдықты шамадан тыс асырған, 39 көлік қарсы бағытқа шығып кетсе, 49-ы жаяу жүргіншілерге жол бермеген, 229 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, ал 172-і көлік құралдарын басқару барысында ұялы телефонмен сөйлескен, 290 жаяу жүргінші Жол қозғалысы ережелерін бұзған».

Үстіміздегі жылдың 11 айында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері Астана қаласының аумағында көлікті мас күйінде басқарған 2 768, жолды бағдаршамның қызыл шамына кесіп өткен 6 290, жаяу жүргіншілер жолынан өту ережесін бұзған 3 888, апатты жағдайды бұзғаны үшін 581 жүргізушіні ұстады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!