Ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті

Фотография - Ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті

Астанада кеше «СЗЦ Астана-Агро» ЖШС көкөніс қоймасының аумағында «Volvo» жүк көлігі отқа оранды.

172 0

Астанада кеше «СЗЦ Астана-Агро» ЖШС көкөніс қоймасының аумағында «Volvo» жүк көлігі отқа оранды.

Тілсіз жау 25 минуттан кейін ауыздықталды. Отты сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 14 техникасы мен жеке құрамының 55 адамы жұмылдырылды. Автокөлік салонынан туған жылы белгісіз ер адамның денесі табылды.

Одан басқа жексенбі күні таңертең Ақтөбе қаласында тұрғын үйде 60 шаршы метр аумақта өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының ТЖД «МАО» ММ 1 техникасы мен 3 адамы; өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамының 15 адамы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!