Астанада монша өртеніп, 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Фотография - Астанада монша өртеніп, 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Бүгін түнде 02:25-те Астана қаласы Мирзоян көшесіндегі 17 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің («Нұр Отау» тұрғын үй кешені) цокольдық қабатында орналасқан «Демалыс» моншасынан өрт шықты

262 0

Бүгін түнде 02:25-те Астана қаласы Мирзоян көшесіндегі 17 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің («Нұр Отау» тұрғын үй кешені) цокольдық қабатында орналасқан «Демалыс» моншасынан өрт шықты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің ақпараттық орталығынан хабарлады.

Тілсіз жау 03:39-да тіркеліп, 03:51-де сөндірілді. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ «МАО» ММ 1 техникасы мен 3 адамы, Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 техникасы мен жеке құрамының 40 адамы жұмылдырылды. 10 шаршы метр жер отқа оранды. 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде 15-і балалар. Бәрі де дін аман.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!