Алматыда жол белгілерін шығаратын зауыт өртеніп жатыр

Фотография - Алматыда жол белгілерін шығаратын зауыт өртеніп жатыр

Алдын ала мәліметтер бойынша Қазыбаев көшесінде орналасқан зауыттың шамамен 600 шаршы метр аумағы отқа оранған

388 0

Алматыда жол белгілерін шығаратын зауыт өртеніп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша Қазыбаев көшесінде орналасқан зауыттың шамамен 600 шаршы метр аумағы отқа оранған. Дәл қазіргі уақытта өрт сөндірушілер тілсіз жаумен алысуда. Оқиға орнына 12 өрт сөндіру көлігі, сондай-ақ барлық шұғыл әрекет ету қызметі жеткен. Бүгін зауыт жұмыс істемегендіктен адамдарды қауіпсіз жерге көшіру шаралары жүргізілген жоқ. Өрт орын алған аймақ толығымен қоршауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Алматыдағы ауыр машина жасау зауыты аумағында да өрт шығып, 200 шаршы метр аумақты шарпыған болатын.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!