Орал қаласында кісі өлтірген 18 жасар тұрғын ұсталды

Фотография - Орал қаласында кісі өлтірген 18 жасар тұрғын ұсталды

3 қаңтар күні кешкісін Орал қаласында жастар арасындағы төбелес кісі өліміне соқтырды

247 0

3 қаңтар күні кешкісін Орал қаласында жастар арасындағы төбелес кісі өліміне соқтырды.

Орал қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, Депо көпірі астындағы гараждар маңында 1995 жылғы жігіт төбелес кезінде өзінен бір жас үлкен тұрғынның оң жақ кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Бұған олардың бір-бірімен өштесуі себеп болған. Пышақ жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмды.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімі (қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, айыпталушы кеше сот санкциясымен қамауға алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!