Құтырған қасқыр адамға шапты

Фотография - Құтырған қасқыр адамға шапты

31 желтоқсан күні Алматы облысындағы Ұйғыр ауданы Кіші Диқан ауылының тұрғынына құтырған қасқыр шапты

274 0

31 желтоқсан күні Алматы облысындағы Ұйғыр ауданы Кіші Диқан ауылының тұрғынына құтырған қасқыр шапты.

Облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінен хабарлағандай, жыртқыш ауыл тұрғындарының біріне және үй жануарларына шабуыл жасады. Зардап шеккен әйел сол күні Ұйғыр ауданының орталық аудандық ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылып, екпе салынды.

Қасқыр тістеген орынды эпидемиологтар ветеринарлық қызметтің мамандарымен бірге қарады. Патологиялық материал ветеринарлық зертханаға жолданып, онда құтырма диагнозы нақтыланды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!