Оралда кәмелетке толмаған қыздарды азғындық жолға тартты деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды

Фотография - Оралда кәмелетке толмаған қыздарды азғындық жолға тартты деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды

105 0

4 қаңтар күні БҚО ішкі істер департаментінің «102» телефонына Орал қаласы әйел тұрғыны хабарласып, 6 сыныпта оқитын қызының ұялы телефон арқылы жыныстық қарым-қатынас тақырыбында хат жазысатыны туралы ақпарат береді.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, арызды тексеру барысында Орал қаласындағы қонақүйлердің бірінде Еуропа елінің азаматы ұсталды. Өңірдегі мұнайгаз компанияларының бірінде жұмыс істейтін 38 жасар азамат 4 қаңтар күні Атырау арқылы Орал қаласына келген. Аталған азамат қонақүйдің терезесі арқылы полиция жасағын көрген бойда нөмірдегі тұрмыс техникасын жоюға тырысады, қысқа толқынды пештер мен ноутбуктарға су құйып, флэшкарта, компьютердің қатты дискілерін және бейнекамераларын жойғысы келеді.

Жартылай қалпына келтірілген электронды таратушы құралдарынан аталған шетел азаматының қонақүй нөмірлерінде жас қыздардың, соның ішінде Орал және Атырау қалаларындағы кәмелетке толмаған орта мектеп оқушыларының қатысуымен түсірілген порнографиялық фотосуреттері бар файлы табылды.

Аталған факті бойынша Орал қалалық ішкі істер басқармасымен ҚР ҚК-нің 273-бабы, 1-бөлімі бойынша (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығаруына оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Порнографиялық фото түсірілімдеріне қатысқан кәмелетке толмағандардан жауап алу материалдары негізінде шетел азаматына қатысты ҚР ҚК 124-бабына (жас балаларды азғындату) сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қарастырылуда.

Сот-сараптама кешені жүргізілуде.

Кәмелетке толмағандарға қатысты барлық тергеу амалдары олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің, психолог және білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен жүргізіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!