Қарағандыда 25 жасар азамат 1895 жылы шығарылған тапаншамен ұсталды

Фотография - Қарағандыда 25 жасар азамат 1895 жылы шығарылған тапаншамен ұсталды

19 0

Қарағандыда полицейлер 1895 жылы «Наган» жүйесімен шығарылған тапаншамен 25 жастағы жігітті ұстады,

деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Қарағанды облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында Қарағанды қаласының орталығында 25 жастағы жігітті қолға түсірді, одан 1895 жылы шығарылған «Наган» жүйесінің 7,62мм калибрлі тапаншасы тәркіленді», - деп жазылған хабарламада.

Полицияның ақпараты бойынша, ескі тапанша оқ атуға жарамды. Қару сараптамаға жолданды.

«Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 251-бабы - «Заңсыз сақтау, заңсыз оқ қаруын алып жүру» бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп қосты облыстың ІІД баспасөз қызметінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!