Шымкентте кәсіпкер мен оның ұлын өлтіргендерге қатысты сот шешімі шықты

Фотография - Шымкентте кәсіпкер мен оның ұлын өлтіргендерге қатысты сот шешімі шықты

77 0

Шымкентте кәсіпкер мен оның ұлын өлтірді деп айыпталғандарға қатысты сот шешімі жарияланды.

6 күдіктіге қатысты сот шешімі шықты. Ерлерді өлтірген екеуі өмірінің соңына дейін айрықша режімдегі колонияға қамалады. Тағы екеуі, қылмыс жасаған уақытта оқиға орнында болғандар, 15 жылға қатаң режімді түрмеге тоғытылатын болды. Қалған екеуі, оқиға болған күні сыбайластарын бизнесмен үйінің маңында күтіп тұрғандар да 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейді. Қаза тапқандардың туыстары бұл шешіммен келіспеді. Олар барлық айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап, сот шешіміне шағымданбақ.

Бұл қайғылы оқиға 2013 жылдың наурыз айында орын алған. Түнгі уақытта 4 адам «1000 ұсақ-түйек» дүкені иесінің үйіне баса-көктеп кіріп, үй иесі мен оның ұлын ұрып өлтірген еді. Кейін кәсіпкердің әйелі мен қызына ауыр дене зақымын келтірген. Жапа шеккендердің туыстары қылмыскерлерді ұстаған адамға 10 млн. теңге сыйақы уәде еткесін қандықолдар тез-ақ табылды. Тергеу амалдары 1,5 жылдан артық жүргізілді, ал сот отырысы қазан айының ортасынан басталған болатын.


Тегтер:

сот шымкент @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!