Оқушының кекілін кескен мұғалім сотталды

Фотография - Оқушының кекілін кескен мұғалім сотталды

16 0

Солтүстік Қазақстан облысында оқушының маңдайына «екі» деп жазып берген ұстаздың құқы бір жарым жылға шектелді. Қымбат Әсемжанова баланың ата-анасына бұдан өзге 60 мың теңге моральдық шығын өтеп беруі тиіс. Математика пәнінің мұғаліміне сот осындай үкім кесті.

Оқиға Жамбыл ауданындағы орта мектепте жаңа оқу жылының басында болған еді. Математика пәнінің мұғалімі сабаққа дайындықсыз келген балаға қол жұмсап, маңдайына қаламмен «екі» деп жазып берген. Кейін оқушының ата-анасы ұстазды сотқа беріп, бір миллион теңге моральдық шығын өтеуді талап еткен-ді. Алайда сот айыпты адамның жүкті екенін ескеріп, бір жарым жылға оның бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Сондай-ақ баланың ата-анасына 60 мың теңге төлеуі тиіс. Қазір Қымбат Әсемжанова мен мектеп директоры жұмыстарынан қуылған.


Тегтер:

оқыс-оқиға

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!