Шымкентте қарулы қақтығыстан кісі өлді

Фотография - Шымкентте қарулы қақтығыстан кісі өлді

17 0

Шымкентте жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үй ғимаратының құрылысшыларына қарулы топ шабуыл жасап, салдарынан 21 жастағы бозбала көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Қанды оқиға қаңтардың 25-нен 26-на қараған түні орын алған. Тәртіп сақшылары анықтағандай, шабуыл жасаған қарақшылар Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің екеуі ұсталды, қалған төртеуі іздестіріліп жатыр.

Мұндай жауыздыққа ненің себеп болғаны әлі анықталу үстінде. Ресми емес дерекке сенсек, құрылысты жүргізіп жатқан кәсіпкер әлгі қарақшылардың "қамқорлығынан" бас тартқан көрінеді. Оңай жолмен ақша тапқысы келгендер құрылысшыларды ұрып, қорқытып алмақ болған көрінеді.

Қазіргі таңда "Кісі өлімі" және "бұзақылық" фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!