Шымкентте жұмыссыз ойыншық тапаншамен адам тонаған

Фотография - Шымкентте жұмыссыз ойыншық тапаншамен адам тонаған

15 0

Шымкент тұрғыны ойыншық тапаншамен қорқытып адам тонаған, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

«27 қаңтарда Шымкент қаласы ІІБ Жедел басқару орталығының кезекші бөліміне хабарласқан жергілікті тұрғын кешкі сағат 5-тің шамасында дүкеннің қасында оған белгісіз жас жігіт шабуыл жасағанын айтты. Ол ойыншық тапаншамен қорқытып, 40 мың теңгесін иемденіп кеткен»,-делінген хабарламада.

Оқиға орнына жеткен полицейлер сыртқы бақылау камераларының көмегімен облыс орталығының 1990 жылы туған тұрғынын қолға түсірді.

«Еш жерде жұмыс істемейтін азаматтан ақша мен «қару» тәркіленді. Күдіктінің ойыншық қаруды даладан тауып алғанын және мұндай қадамға мұқтаждықтан барғанын айтты. Күдікті Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жеткізілген, орын алған фактіге байланысты ҚР ҚК 178 бабы «тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр»,-деп ақпараттандырды полициядан.


Тегтер:

полиция @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!