Өгей әке 3 жасар қызын ұрып өлтірді

Фотография - Өгей әке 3 жасар қызын ұрып өлтірді

27 0

Алматы облысының Ескелді ауылы Теректі ауылында сенбі, 25 қаңтар күні 3 жасар Надя Белоногова жоғалып кеткен болатын. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, әскерилер, ерікті халық жасақтары мен ауыл тұрғындары түгел атсалысты.

Артынан белгілі болғандай, 3 жасар сәбиді 32 жастағы өгей әкесі өлтірген. Кішкентай қыз уақытылы дәретке сұранбағаны үшін өмірімен қоштасты.

Әкесінен таяқ жеген Надя еңкілдеп жылап, диванға жатып қалады. Содан бері дыбыс бермеген қызды әкесі өлтіріп алғанын түсініп, жазасынан қорқып, баланың мәйітін өзендегі суатқа ағызып жіберген.

25 қаңтар күні үйдегі ересек балалар кішкентай қарындастарының жоғалғанын байқаған. 26 қаңтар күні баланың жоғалғаны жайлы Ескелді аудандық ішкі істер бөліміне хабарланды.

Тексеру барысында балалардың өгей әкесінің наркологиялық диспансерде «алкоголизм» диагнозымен ем алып жүргені белгілі болды. 27 қаңтар күні жедел-іздеу шараларының барысында Сергей Сыроед өзінің жасаған қылмысын мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК 96- бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!