ОҚО тұрғыны 4 бірдей баласын саудаға салған

Фотография - ОҚО тұрғыны 4 бірдей баласын саудаға салған

19 0

ОҚО-ның 27 жасар жергілікті тұрғыны өз балаларын саудаға салған. Белгілі болғандай, көпбалалы ана осы уақытқа дейін жымысқы әрекетін жергілікті емханалардың бірінде істейтін медбикемен бірлесе жүзеге асырып отырған.

«ІІБ-ның қызметкерлері жүргізген тергеу жұмыстары барысында анық болғандай, 27 жасар жергілікті тұрғын өзінің кәмелеттік жасқа толмаған балаларын Сарыағаш ауданының Құркелес ауылындағы фельдшерлік акушерлік емханасының медбикесі арқылы саудалап отырған», — дейді Сарығаш ауданының прокуроры Хали Маматаев. Оның айтуынша, басында баспанасы жоқ жұмыссыз келіншек соңғы бірнеше жылда өз балаларын әртүрлі адамдарға: 7 жасар қызын 30 мың теңгеге, 4 жасар ұлын 30 мың теңгеге және 5 жасар ұлын 40 мыңға, ал ең кішкентай қызын 120 мың теңгеге саудалаған.

Әбүйір болғанда араға ай салып 7 жасар қызын сатып алған әйел қызды анасына қайта қайтарып береді. Қызды керек қылмаған ана оны бұрынғы күйеуінің ата-анасына апарып тапсырған.

Қазіргі таңда балалардың бірі ата-апасының қолында және бірі балалар үйіне өткізілді. Қалған екі бала іздестірілуде дейді Х. Маматаев.


Тегтер:

оқыс-оқиға

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!