Таразда мектепте жарылыс болады деген қауіппен 700 адам сыртқа шығарылды

Фотография - Таразда мектепте жарылыс болады деген қауіппен 700 адам сыртқа шығарылды

21 0

Тараздағы мектепте жарылғыш зат қойылған деген жалған хабар таратылып, 700-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды,

деп хабарлады Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметінен.

Белгісіз біреу 30 қаңтар күні полицияға «Аса» шағынауданындағы №46 орта мектепке бомба қойылған деген хабар берген. «Жедел-іздестіру шараларының барысында жарылғыш зат табылмады», - делінген ТЖД хабарламасында.

Мектептен 700-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылып, барлық оқушылар үйлеріне жіберілген. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаны тергеп жатыр.

Бұл іске ТЖД 30 құтқарушысы, 100 полиция қызметкері, «Арлан» саперлік тобы, облыстың ҰҚКД-нің төрт қызметкері, жедел медициналық көмек бригадасы, «104» қызметінен және қалалық әкімдіктен мамандар жұмылдырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!