Қостанайда 5 жылдан бері іздестіруде жүрген қылмыскер ұсталды

Фотография - Қостанайда 5 жылдан бері іздестіруде жүрген қылмыскер ұсталды

12 0

Қостанайда қылмыстық-атқару жүйесінің қолға алған шараларының арқасында криминалдық полиция қызметкерлері 2009 жылдан бері іздестіруде жүрген қашқынды қолға түсірді, деп хабарлайды ІІД ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметінен.

Қылмыскер ірі мөлшерде заңсыз есірткі сатумен және оны тасымалдаумен айналысқаны үшін жазасын өтеп жүрген. 2009 жылдың наурыз айында ол Қостанай қаласындағы УК-161/11 түзеу мекемесінде жазасын өтеуден жалтарған. Сол үшін оған мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Сот қаулысының негізінде қашқын уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. Енді жүріп-тұру құқығы берілген сотталушы түзеу мекемесіне өз еркімен қайтып келмегені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 359-бабына сәйкес екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, дейді ІІМ пенитенциарлық жүйесінің баспасөз қызметінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!