Көлігімен адамдарды қақан Мақсат Үсенов қамауға алынды

Фотография - Көлігімен адамдарды қақан Мақсат Үсенов қамауға алынды

19 0

Алматы қалалық соты көлікпен кісі қағып, адам өліміне себепші болған алматылық Мақсат Үсеновті 45 күнге қамауға алып, жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарды.

Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешемет Мақсат Үсеновтің қамауға алынғанын айтты.

Сот отырысы бүгін түстен кейін сағат төртте басталуы тиіс болған. Бірақ сол уақытта сотқа барған журналистерге Қуандық Ешемет соттың  бір сағат бұрын өтіп кеткенін айтып, брифинг өткізді. Журналистер соттың не себепті ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуынсыз, ерте өтіп кеткеніне наразылық білдіріп, сот отырысының видеосын көрсетуді талап етті.

Мақсат Үсенов 2013 жылдың желтоқсан айында Алматы көшелерінің бірінде BMW X6 жеңіл көлігімен алты жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. Олардың бірі (23 жастағы Мұрат Қарабалин) оқиға орнында қаза тапқан, тағы бір адам ауруханаға түскен.

Кісі өлімінен соң Үсеновтің үстінен "жолда жүру және көлік құралын басқару ережелерін бұзу", "жол-көлік оқиғасы болған орынды тастап кету" фактілері бойынша іс қозғалып, қамауға алынған еді.

Бірақ 22 қаңтарда Алмалы аудандық соты "жәбір көруші жақ пен айыпты жақ татуласып, өтемақы төледі" деп, Үсеновті босатқан. Кейін интернетте Үсеновтің ісін қайта қарауды талап еткен наразы жұрт петицияға қол жинай бастаған. Бұдан соң көп ұзамай оның әкесі Қажымұрат Үсенов "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының департамент басшысы қызметінен босатылды.

Қазақстанда көлік апатында адам өлтіріп алған шенеуніктер немесе олардың балалары назарға жиі түседі. «Олар келісім жасап, кейде қоқан-лоқы арқылы істі сотқа жеткізбей бітіруге тырысады» дейді наразылар.


Тегтер:

полиция @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!