Қостанайда полиция қызмтекерлері әйелді өрттен алып шықты

Фотография - Қостанайда полиция қызмтекерлері әйелді өрттен алып шықты

25 0

Қостанайда полицияның үш  қызмтекері 50 жасар әйелді өрттен алып шықты.

 

Ведомствоның баспасөз баянында хабарланғандай сержант Нұрболат Жолдыбаев, аға сержант Ержан Дүзенов пен полицей жүргізуші сержант Дулат Төлебаевтың құрамындағы №400 автопатруль сейсенбі, 4 ақпанда қаланың оңтүстігінде жүрген. Шамамен сағат 14.30-да тәртіп сақшылары Сібір көшесі жағынан түтінді байқаған, жеке үйлердің бірі өртеніп жатқан. Полиция қызметкерлері тез арада оқиға орнына жеткен. Үйдің бөліктерінің бірі отқа орынған болатын.  Полиция қызметкерлері өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырған. Үйдің қақпасы жабық болған, сол кезде олар дуалдан асып өткен.

 

Отқа оранған үйге кіріп олар ес-түссіз жатқан әйелді көрген. Жәбірленушіні қатты күйік шалған. Сақшылар әйелді сыртқа таза  ауаға шығарып,  есін жиғызған.

 

Олар әйелден үйде тағы адам бар ма деп сұраған. Ол үйде ешкім жоқ деп жауап берген. Бұл уақытта үй толық отқа оранды.

 

Жедел жәрдем әйелді ауруханаға жатқызды. Ол 2 және 3-ші дәрежелі күйікке шалдыққан. Әйел спирттік ішімдік ішіп, мас болған. Күйік шлу ауданы 20 пайызды құрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!