Шымкентте мешітті тонаған күдікті ұсталды

Фотография - Шымкентте мешітті тонаған күдікті ұсталды

12 0

Шымкентте мешітке құлшылыққа келген жамағаттың бағалы заттары мен аяқ киімдерін ұдайы ұрлап жүрген күдікті ұсталды.

Ол еш жерде оқымайтын 18 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Күдікті жұрт намазға жығылған кезде сырт киімдердің қалтасын қағып, дереу ізін суытып отырған. Ол соңғы рет 300 мың теңге мен қымбат ұялы телефонды жымқырып кеткен. Күдіктінің жымысқы әрекеті мешітке орнатылған бақылау камерасының біріне түсіп қалған. Тәртіп сақшылары суық қолды сұғанақтың ізіне сол арқылы түскен. Тергеу барысында оның аялдамада адамдардың қалтасына түсіп, жеке үйлерді де тонағаны дәлелденген. Қазіргі таңда оның бұдан басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!