ШҚО-да қызы анасын есі ауысқан деп жаздырып, пәтерін тартып алған

Фотография - ШҚО-да қызы анасын есі ауысқан деп жаздырып, пәтерін тартып алған

12 0

Естімеген елде көп. Шығыс Қазақстанда қызы туған анасын есі ауысқан деп жаздырып, пәтерін тартып алмақ болған. Бұл туралы 7 арна хабарлады.

Ақпарат көзінің дерегінше, ол облыстық психоневрологиялық диспансер арқылы қарттың ақыл-есі дұрыс емес деген жалған құжат жасатып, мүліктегі үлесін өзіне жаздыртып алған. Алайда, облыстық қаржы полициясының басшылығына шағымданып, жүйке жүйесін қайтадан тексеруден өткізген зейнеткер сап-сау болып шыққан.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облыстық психоневрологиялық диспансерінің 3 қызметкеріне жалған сараптама жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Ал соттың шешімі прокуратураның қарсылығы бойынша бұзылмақ. Белгілі болғандай Анна Мамаеваның қызы Светлананың қалада бұдан басқа да бірнеше пәтері бар екен. Ол баспаналарды жалға беріп қаражат табатын көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!