Оңтүстік Қазақстан облысында сот орындаушысы пара алу кезінде ұсталды

Фотография - Оңтүстік Қазақстан облысында сот орындаушысы пара алу кезінде ұсталды

17 0

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының бас сот орындаушысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады otyrar.kz облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бөлім бастығын қызметтік кабинетте өзіне бағынысты қызметкерлердің көз алдында тұтқындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері оның үстелінен «белгі салынған» ақша тапқан.

Төлеби аудандық сот актілерін орындау бөлімінің 30 жасар бастығы оқиғаның бұлай өрбитінін мүлдем күтпеген. Ол санаулы минутта лауазымды тұлғадан күдіктіге айналып шыға келді. Қаржы полициясының қызметкерлері оған пара алды деген айып тақты. Оны тексеру барысында қалтасынан ақша шықты, бірақ ол таза болып шықты. Ал үстелдегі папканың астынан полицейлер белгі салынған купюра тапқан.

Полицейлер сот орындаушысы ақшаны қолына ұстаған және қалтасына салған белгілерді таппады. Бұл жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің күдіктіге қарсы қылмыстық іс қозғауына бөгет бола алған жоқ.

Қазір 30 жасар экс-шенеунікке тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаржы полицейлерінің айтуынша, таяу арада осы іс бойынша материалдар сотқа берілетін болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!