Оралда жасөспірімдерді азғындыққа итермелеген деген күдікпен ұлыбританиялық азамат қамауға алынды

Фотография - Оралда жасөспірімдерді азғындыққа итермелеген деген күдікпен ұлыбританиялық азамат қамауға алынды

35 0

Жасөспірімдерді азғындыққа итермелеген деген күдікпен ұлыбританиялық азамат Питер Барух Орал қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 14 қаңтар күні азаматша В.Брызгина оның 2001 жылы туылған, кәмелеттік жасқа толмаған қызы Тинаны «Шағала» қонақ үйінің бөлмесінде жалаңаш күйінде белгісіз ер адамның суретке түсіргені туралы хабарлаған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барған кезде күдікті тұлғаның кейіннен Ұлыбритания азаматы Барух екені анықталды. Аталған факті оқиға орны болған бөлмені заң талаптарына сәйкес кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда, уақтылы, мәжбүрлі түрде қарау арқылы анықталған болатын. Сонымен қатар азамат Барухтың орыс тілін білетіндігі белгілі болды.

Қонақ үйдің бөлмесін қарау барысында Барух ноутбукты және компьютер флешкаларын микротолқынды пеште өртеу арқылы жоюға тырысқан.

Осы факті бойынша қазіргі уақытта Орал қалалық ішкі істер басқармасы ҚР ҚК 124-бабының 3-бөлімімен және 273-1 бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде. Оның барысында басқа да кәмелетке толмаған жәбірленушілердің бар екендігі анықталды.

Жәбірленушілердің табылған суреттері  жүргізілген сараптаманың қорытындысына сай порнографиялық және эротикалық сипаттағы  суреттер болып табылды.

Прокуратураның наразылығы бойынша БҚО соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы күдікті Барохтың шағымы бойынша оқиға орнын  қарау хаттамасын заңсыз деп тану туралы қалалық соттың шешімін бұзды. Сонымен қатар облыс прокуроры күдіктіні қамауға алу туралы нұсқау берді, осылайша 7 ақпан күні Барух ҚР ҚК-ның 132-бабымен Орал қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Енді ол сот санкциясына ұсынылатын болады.

Қылмыс Қазақстан аумағында жасалғандықтан, шетелдік азамат ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша жауапқа тартылатын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!