28 бас жылқыны жойып жіберген барымташылар 5,6 жылға бас бостандығынан айрылды

Фотография - 28 бас жылқыны жойып жіберген барымташылар 5,6 жылға бас бостандығынан айрылды

25 0

Ақжайық аудандық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 175-бабының 3-бөлімі «б» бөлімімен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін Асқар Рахымберлиев 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Аталмыш сот төрайымы Гүлжиһан Сағитованың мәлімдегеніндей, ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Сотталушы үкімге риза болмай, жаза мөлшерін жеңілдетуді сұрап, Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасына шағым келтірді. Алайда апелляциялық сот алқасы сотталушының шағымын қарап, үкімді күшінде қалдырды.

Айта кетейік, Ақжайық ауданы Есенсай ауылында туып-өскен Асқар Рахымберлиев бұдан бұрын да мал ұрлығы қылмысы үшін Орал қалалық, Теректі аудандық соттарымен бірнеше рет сотталып, оған ірі мөлшерде мал ұрлағаны үшін ҚР ҚК 175-бабының 3-бөлімімен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бірақ бірнеше жыл түзеу мекемесінде жазасын өтеп шыққан кейін де түзелу жолына түспей, қайтадан бұрынғы әдетіне көшкен.

2012 жылдың 28 желтоқсан күні кеште Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округі аумағында жайылымда жүрген, Бударин ауылдық округі тұрғындарына тиесілі 28 бас жылқыны адамдар тобымен алдын ала сөз байласуы бойынша, айдап ала жөнеледі. Сөйтіп, жылқыларды бір түн ішінде Орал қаласына қарай айдап әкетіп, сатып жiбергенi тергеу органымен анықталды. Айыпталушы бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынып, оған қатысты қозғалған қылмыстық iс Ақжайық аудандық прокуратурасы арқылы аудандық № 2 сотқа жолданған болатын. Сот мәжілісінде сотталушы А.Рахымберлиев 28 бас жылқыны бір түн ішінде айдап әкетіп, Зеленов ауданының Махамбет ауылының тұрғыны Б.-ға сатып жібергенін мәлімдеді.

Сотталушының сыбайластарына қатысты қылмыстық іс бөлек өндірісте, ал 28 бас жылқыны сатып алған адамға қатысты Орал қалалық ішкі істер басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

ұрлық

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!