Қызылордада пара берген депутат істі болды

Фотография - Қызылордада пара берген депутат істі болды

14 0

Қызылорда қалалық соты Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты - «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС директоры Е.Қалмахановқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

Ол 2012 жылғы қыркүйек айында Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті қызметкерлерінің Жалағаш ауданындағы «Бұқарбай батыр» су арнасын тазалау және гидротехникалық құрал-жабдықтарды жөндеуге байланысты оның фирмасының қызметін тексеру материалы бойынша жағымды шешім қабылдау үшін Қызылорда облысы ЭҚСЖКД қызметкеріне 7 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталған болатын.

Қызылорда қалалық сотының үкімімен Е.Қалмаханов ҚР ҚК-нің 312-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оған 5000 (бес мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - 9 260 000 теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.


Тегтер:

полиция @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!