Жүк вагоны жолдан шығып кетті

Фотография - Жүк вагоны жолдан шығып кетті

34 0

2014 жылғы ақпанның 13-інде 23 сағат 44 минутта Ақмола жол бөлімшесінің Бурабай курорты – Көкшетау телімінің Бурабай шипажайы – Жамантұз қума жолының 247 шақырымында №1683-жүк пойызының көмір тиелген бір вагоны жолдан шығып кетті. Апатты жағдайды қалпына келтіру пойызы жұмыс жасады, - деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» Ақ баспасөз қызметі.

Пойыз қозғалысы 2014 жылғы ақпанның 14-інде 6 сағат 20 минутта қалпына келтірілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы апатты жағдайдың доңғалақ жұптарының сынуы салдарынан болғандығын анықтады. 2000 жылы «Оралвагон» ААҚ шығарған вагон Ресейдің «Бірінші жүк компаниясы» ААҚ меншігі болып табылады.

Үш жолаушылар пойызы кестеден кешікті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!