423

Алматыда ЖКО салдарынан екі адам зардап шекті

Фотография - Алматыда ЖКО салдарынан екі адам зардап шекті

Мамырдың 18-нен 19-на қараған түні Алматыда Рысқұлов даңғылымен Момышұлы көшесінің қиылысында екі көліктің қатысуымен ЖКО орын алды – деп хабарлады Today.kz тілшісі.

«Ауди» Момышұлы көшесімен солтүстікке қарай жүріп келе жатып Рысқұлов даңғылында солға қарай бұрылмақшы болған. Сол сәтте «Мазда» Момышұлы көшесімен оңтүстікке қарай келе жатып бар екпінімен «Аудиге» қақтығысқан. «Ауди» бұрылып үлгермегендіктен ЖКО себепкері болды.

ЖКО салдарынан «Маздада» болған екі жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

 

Загрузка...