Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Фотография - Алматыда жер сілкінісі тіркелді

289 0

Алматыда бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07 сағат 39 минут 35 секундта (Гринвич уақыты бойынша 01 сағат 39  минут 35 секундта) жер сілкінісі тіркелді.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратты.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 203 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық қуаты - 10.00. Магнитудасы MPV - 4.7.  Тереңдігі - 10 шақырым.

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?