309

Алматыда жер сілкінді

Алматыда 27 тамызда сағат 12:50 кезінде жер сілкінісі болды.
Фотография - Алматыда жер сілкінді

Алматыда 27 тамызда сағат 12:50 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 359 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.6 болса, магнитудасы - MPV 3,5, ал тереңдігі 10 шақырымды құраған.

Загрузка...